Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Өнім жинайтын себеттерің мен қамыр ашытатын ыдыстарың да жарылқанады. Сол кезде Бағал-Шалишадан бір адам келіп жетті. Ол Құдайдың пайғамбарына өзінің сол жылы жиған алғашқы арпасынан пісірілген жиырма таба нан әрі жаңа жиналған бидайдың масақтарын дорбасына салып ала келді. Еліше өзінің қызметшісіне:— Мына нанды шәкірттерге жеуге бер! — деді. Қызметшісі:— Қалайша, бұлар жүз адамға не болады? — дегенде, Еліше былай деп тапсырды:— Нанды адамдарға үлестіріп бер, жесін! Себебі Жаратқан Ие мынаны айтады: Олардың барлығы тойып жейді, тіпті артылып та қалады. — Сонда қызметші нанды үлестіріп, олар жеп тойды. Жаратқан Иенің айтқан сөзі дәл келіп, нан артылып та қалды. Осылай шамамен төрт мыңдай отбасы тамақтанып, тойып алды. Кейін қалдықтарды жинап алғанда, жеті үлкен себет толды. Соңынан Иса халықты таратып жіберді. Ал Тәңір Иеміз бізге әсер ететін Өзінің құдіреті арқылы біз сұрағаннан немесе ойлағаннан әлдеқайда көп нәрселерді істей алады.
Выбор основного перевода