Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал егер тоқты алып келуге әйелдің жағдайы көтермесе, біреуін — түгелдей өртелетін, екіншісін — күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа арнап екі орман кептерін немесе екі жас көгершінді алып келсін. Сонда діни қызметкер әйелді күнәсінің арамдығынан тазартып, сол әйел таза болып саналады. Ал егер ауруынан жазылған адам кедей болып, құрбандыққа екі тоқты шалуға жағдайы көтермесе, ол бір еркек тоқтыны ғана айыпты өтейтін құрбандық ретінде, зәйтүн майымен араластырылған, пұттың оннан бір бөлігіндей мөлшердегі таңдаулы бидай ұнын астық тартуы ретінде және бір шағын құмыра зәйтүн майын алып келсін. Айыпты өтейтін құрбандық адамды арамданған күйінен тазарту үшін әрі-бері тербеліп ұсынылады. Адам, сондай-ақ, өзінің әл-ауқатына қарай екі орман кептерін немесе екі жас көгершінді де әкелсін. Олардың біреуі күнәнің құнын өтейтін, екіншісі түгелдей өртелетін құрбандыққа шалынсын.
Выбор основного перевода