Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан Һарон текенің басына қолдарын қойып, исраилдіктердің күллі теріс қылықтарын, олардың Жаратқан Иеге мойынсұнбай жасаған күнәларының барлығын да мойындап, осы текенің басына артсын. Содан соң текені арнайы дайын тұрған адамға тапсырып, ол соны елсіз иен далаға айдап апарсын. Сонда араларыңнан тірі қалғандар өздерінің және ата-бабаларының теріс қылықтарын әрі Маған қарсы шығып опасыздық жасағандарын мойындайды. ондай адам өз күнәсін ашық мойындасын. Содан кейін ол жасағанының толық құнын, оның үстіне сол құнның бестен бірін қосып, зиян шеккен адамға берсін. Ал енді ата-бабаларыңның сиынған Құдайы Жаратқан Иенің алдында күнәларыңды мойындаңдар! Осы елдегі бөтен халықтардан және өздеріңнің жат бөтен жұрттық әйелдеріңнен бөлініп, Жаратқан Иенің еркін орындаңдар! Күнәларын жасырған жан өркендемейді,Оларын мойындап, бас тартқан рақым көреді.
Выбор основного перевода