Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер біреу Жаратқан Иеге астық тартуын ұсынса, онысын таңдаулы бидай ұнынан жасап, соған зәйтүн майын құйып, үстіне хош иісті шайырды қойсын. Ол бұларды діни қызмет атқарушы Һаронның ұлдарының біреуіне алып барсын. Діни қызметкер май құйылған ұнның бір уысын және барлық хош иісті шайырды алып, естелік бөлігі ретінде құрбандық үстелінде түтетіп өртеп жіберсін. Бұл — Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған хош иісті де ұнамды тарту. ол әйелін діни қызметкерге алып барсын. Күйеуі әйелі үшін берілетін тарту ретінде пұттың оннан біріндей мөлшерде арпа ұнын да ала барсын. Бірақ сол ұнға ол не май құйып, не хош иісті зат салушы болмасын. Себебі бұл — қызғанышқа бола ұсынылған астық тартуы, ол әділетсіздіктің орын алған-алмағанын тексеріп білуге арналған естелік тарту.
Выбор основного перевода