Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Егер бір адам Жаратқан Иеге бағышталған киелі нәрселерге қатысты абайсызда теріс қылық жасап күнәлі болса, ол соның айыбын өтейтін құрбандыққа Жаратқан Иеге арнап отардан бір қошқар алып келсін. Қошқар еш мінсіз болып, құны киелі үйде қолданылатын ресми өлшем бойынша белгіленген күміс мысқалға сәйкес келсін. Бұл — айыпты өтейтін құрбандық. Адам Жаратқан Иенің сол арамданған киелі нәрселерінің құнын және оның үстіне сол құнның бестен бірін қосып, барлығын діни қызметкерге табыстасын. Осылайша діни қызметкер қошқарды әлгі адамның айыбын өтеуші құрбандық ретінде ұсынып, оны жасаған күнәсінің арамдығынан тазартады. Сонда адам Жаратқан Иенің кешіріміне ие болады. Егер біреу Жаратқан Ие тыйым салған бір нәрсені істеп абайсызда күнә жасап қойған болса, ол бәрібір айыпты болып, кінәсінің жазасын тартады.
Выбор основного перевода