Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Исраил халқына мынаны айт: Егер бір адам Жаратқан Ие тыйым салған бір нәрсені істеп абайсызда күнә жасап қойған болса, ол былай істеуі керек: Егер бүкіл Исраил қауымы Жаратқан Ие тыйым салған бір нәрсені істеп абайсызда күнә жасап қойған болса, ал осы туралы өздері білмесе де, олар бәрібір айыпты болады. Егер басшылардың бірі Құдай Иесі тыйым салған бір нәрсені істеп абайсызда күнә жасап қойса, ол айыпты болады. Ал егер жай адамдардың бірі Жаратқан Ие тыйым салған бір нәрсені істеп абайсызда күнә жасаса, ол да айыпты болады. — Егер бір адам Жаратқан Иеге бағышталған киелі нәрселерге қатысты абайсызда теріс қылық жасап күнәлі болса, ол соның айыбын өтейтін құрбандыққа Жаратқан Иеге арнап отардан бір қошқар алып келсін. Қошқар еш мінсіз болып, құны киелі үйде қолданылатын ресми өлшем бойынша белгіленген күміс мысқалға сәйкес келсін. Бұл — айыпты өтейтін құрбандық.
Выбор основного перевода