Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құрбандықтың етін құрбандық шалған күні жеу керек, оны ертеңге дейін қалдыруға болмайды. Ал егер адамның құрбандығы ант етілген немесе (өз еркімен ұсынылған) тарту болса, соның еті құрбандық шалынған күні желінсін, ал оның қалған етін келесі күні де жеуге болады. Алайда үшінші күні еттің қалғанын міндетті түрде өртеп жіберу керек. Егер сол еттен үшінші күні де желінсе, онда сол адамның Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдірген құрбандығы қабылданбайды да, оған бұдан еш сауап тимейді. Сондай ет арамданып, жиренішті болады, одан жеген адам өз айыбын өзі көтереді.
Выбор основного перевода