Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әрқайсың өз әке-шешелеріңді терең қастерлеңдер! Мен белгілеген демалыс күндерімді сақтаңдар! Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Маған бағышталған демалыс күндерін берік сақтап, Менің киелі үйімді терең қастерлеңдер! Мен Жаратқан Иемін. Тілің сөйлеуге тез болмасын! Құдай алдында бір нәрсені айтуға тым асықпа! Құдай көкте, ал сен жердесің, сондықтан да сөзшең болма! Иса ғибадатхананың алаңына кірген соң, ондағы сатушылар мен алушылардың бәрін де қуып шығарды. Ақша айырбастаушылардың үстелдері мен көгершін сатушылардың орындықтарын аударып тастады. Оларға: «Киелі жазбаларда: «Менің (киелі) үйім мінажат ететін үй деп аталатын болады!» делінген. Бірақ сендер оны «қарақшылар ордасына» айналдырғансыңдар!» — деп қатаң ескертті.
Выбор основного перевода