Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құр лақап таратпа!Жалған куәгер болып әділетсіз адамға қол ұшын берме! Әділетсіз айыптаудан аулақ жүр; кінәсізді әрі әділді өлімге бұйырма! Мен зұлымдық жасағанды ақтамаймын. Оған қарама-қарсы екі арсыз адамды отырғызып, олар Набутайды: «Сен Құдай мен патшаға қарсы қарғыс айттың!» деп айыптасын. Содан оны қаладан шығарып, таспен атқылап өлтіріңдер!» Ізрел қаласының ақсақалдары мен атақты байлары Езабелдің хатында бұйырғанын бұлжытпай орындады. Олар ораза тұту күнін жариялап, Набутайды төрге отырғызды. Екі арсыз адам да келіп, оның қарсы алдына отырды. Сол екеуі халықтың алдында: «Набутай Құдай мен патшаға қарсы қарғыс айтты!» — деп жалған куәлік келтіріп, кінә тақты. Содан халық Набутайды қаланың сыртына алып шығып, таспен атқылап өлтірді. Ешкімді уытты тілмен өсектемейді,Жолдасына ешбір зұлымдық істемейді,Жақынының арына дақ түсірмейді. Сенде жазықсыз жала жауып, кісі өлтірткен зұлымдар да бар! Олар тау-төбе бастарында жалған тәңірлерге арналған құрбандық астарынан ішіп-жеп, азғын іс-әрекет жасайтындар. Алайда көптеген куәгерлер алға шығып, өтірік айтса да, Оған тағатын бірде-бір дәлелді айып табылмады. Ақырында екі кісі алға шығып, Исаны былай деп кінәлады: — Мынау: «Құдайдың киелі үйін бұзып, үш күнде қайта тұрғызу қолымнан келеді!» дейтін.
Выбор основного перевода