Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Егер бір адам Жаратқан Иеге бағышталған киелі нәрселерге қатысты абайсызда теріс қылық жасап күнәлі болса, ол соның айыбын өтейтін құрбандыққа Жаратқан Иеге арнап отардан бір қошқар алып келсін. Қошқар еш мінсіз болып, құны киелі үйде қолданылатын ресми өлшем бойынша белгіленген күміс мысқалға сәйкес келсін. Бұл — айыпты өтейтін құрбандық. Адам өзінің айыбын өтейтін құрбандығын діни қызметкерге алып келіп, оны Жаратқан Иеге ұсынсын. Құрбандығы еш мінсіз, құны белгілі мөлшерге сәйкес қошқар болсын. Осылайша діни қызметкер Жаратқан Иенің алдында адамды жасаған күнәсінің арамдығынан тазартып, адам өзін айыпты қылған осы істерінің бәрі үшін Жаратқан Иенің кешіріміне ие болады.
Выбор основного перевода