Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Есау сол кезден бастап Жақыпты әкесінен алдап алған батасы үшін жек көрді. Ол өз-өзіне: «Көп ұзамай әкем дүние салып, жоқтау айтатын уақыт келер. Содан кейін Жақыптың көзін құртамын», — деді. Сондықтан сақтаныңдар!Егер бауырласың күнә жасаса, оған ескерт. Егер де өкініп, теріс жолдан қайтса, кешірім ет! Осындай күнәлар жасағандардың тартатын жазалары — өлім деген Құдайдың әділ үкімін сол адамдар біледі. Әйтсе де олар бұларды өздері істеп қана қоймай, солармен айналысатын басқаларды мақұлдап та отырады. Бауырластар, араларыңдағы біреу күнә жасап қойса, сендер оны Киелі Рухтың жетелеуімен ілтипаттылық танытып түзу жолға қайтаруға ұмтылыңдар. Ал өздерің де азғырылудан сақ болыңдар! түнектегі адамдардың бекер істеріне араласпаңдар, қайта, оларды әшкерелеңдер! Адамдардың үстеріне қол қойып батаңды беруде асығыстық жасама! Әйтпесе олардың күнәларына сен де жауапты боласың. Өзіңді пәк таза ұста. Нұрда жүрмін дей тұра, бауырын жек көретін кісі әлі де түнекте жүр. Бауырын жек көретіннің жүріс-тұрысы түнекте, ол қайда кетіп бара жатқанын білмейді. Себебі түнек оның жан дүниесін соқыр қылып қойған. Бауырын жек көретін әркім — кісі өлтіруші! Ал мынаны білесіңдер: кісі өлтірушінің мәңгілік өмірі жоқ.
Выбор основного перевода