Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраилдік ешбір еркек не әйел (жалған тәңірге бағышталып) жезөкшелікпен айналысушы болмасын! Халқым тау-төбелердің бастарында малдарын құрбандыққа шалып, саясы ыңғайлы деп емен, терек, пісте ағаштарының түбінде жалған тәңірлерге арнап хош иісті заттарды түтетеді. Сол себепті қыздарың жезөкшелікке салынып, келіншектерің неке адалдығын бұзады! Ал Мен қыздарың мен келіншектеріңді сол үшін жазаламаймын. Өйткені еркектердің өздері жай жезөкшелерге де, жалған тәңірлерге бағышталған табыну орындарындағы жезөкшелерге де барады. Осылай жақсы мен жаманды айыра білгісі келмейтін халық құриды.
Выбор основного перевода