Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Құдайымыз Жаратқан Ие сендерді иемденгелі отырған осы елге кіргізгеннен кейін, Гәризим тауынан жарылқауларды, Ебал тауынан қарғыстарды жариялаңдар. — Иордан өзенінен өткеннен кейін сендер, Шимон, Леуі, Яһуда, Исашар, Жүсіп пен Бунямин рулары, халыққа Құдайдың жарылқауының қандай жағдайларда қонатынын жариялау үшін Гәризим тауының беткейінде тұрыңдар! Мұнан кейін бүкіл Исраил халқы: исраилдік болып туғандар мен оларға қосылған жат жұрттықтар, рубасылары, басқарушылары, төрешілері, барлығы бірге екі топқа бөлінді. Бір топ Гәризим тауының етегінде, екінші топ Ебал тауының етегінде тұрды. Екі топ бір-біріне қарама-қарсы, ал орталарында Жаратқан Иенің Келісім сандығы және оны көтеріп алып жүретін леуілік діни қызметкерлер тұрды. Халық мұны Жаратқан Иенің қызметшісі Мұсаның көзі тірі кезінде Исраил халқына бата беру жайлы тапсырған нұсқаулары бойынша істеді. Ал енді, біздің ата-бабаларымыз Тәңір Иеге мына таудың басында сиынып мінажат еткен, ал сіздер сиынатын орын Иерусалимде болуға тиіс дейсіздер, қайсысы дұрыс? — деп сұрады.
Выбор основного перевода