Toggle navigation
Главная
Переводы Библии
Комментарии к Библии
Библейские словари и энциклопедии
Новости
Выбор основного перевода
Синодальный
Современный
Перевод РБО. Радостная Весть
Юбилейное издание (Свет на Востоке)
Перевод свящ. Леонида Лутковского
Церковнославянский перевод
Аварский (магӀарул мацӀ)
Азербайджанский (Azärbaycanca)
Башкирский (башҡорт теле)
Беларускі пераклад
Грузинский (ქართული ენა)
Казахский (қазақ тілі)
Кумыкский (къумукъ тил)
Осетинский (ирон æвзаг)
Таджикский (тоҷикӣ)
Татарский (татарча)
Туркменский (Türkmençe)
Узбекский (ўзбекча)
Український переклад І. Огієнка
Чеченский (нохчийн мотт)
Чувашский (чӑвашла)
American Standard
Biblia Tysiąclecia
Deutsche Luther
Ελληνική μετάφραση
King James
Română traducere
Tradução português
Traducción al español
Traduction française
Traduzione italiana
Türkçe çeviri
中文 汉译
Новый русский перевод МБО
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Сделайте выбор
Комментарии Баркли
Новая Женевская Учебная Библия
Толкование Златоуста
Учебная Библия МакАртура
Толкование Жана Кальвина
Комментарии МакДональда к Библии
Серия комментариев МакАртура
Толкование Мэтью Генри
Толковая Библия Лопухина
Толкование Далласской семинарии
Толкование Блаженного Феофилакта Болгарского
Новый Библейский Комментарий
Комментарии Давида Стерна к Новому Завету
Комментарии Сперджена
Синодальный
Современный
Перевод РБО. Радостная Весть
Юбилейное издание (Свет на Востоке)
Перевод свящ. Леонида Лутковского
Церковнославянский перевод
Аварский (магӀарул мацӀ)
Азербайджанский (Azärbaycanca)
Башкирский (башҡорт теле)
Беларускі пераклад
Грузинский (ქართული ენა)
Казахский (қазақ тілі)
Кумыкский (къумукъ тил)
Осетинский (ирон æвзаг)
Таджикский (тоҷикӣ)
Татарский (татарча)
Туркменский (Türkmençe)
Узбекский (ўзбекча)
Український переклад І. Огієнка
Чеченский (нохчийн мотт)
Чувашский (чӑвашла)
American Standard
Biblia Tysiąclecia
Deutsche Luther
Ελληνική μετάφραση
King James
Română traducere
Tradução português
Traducción al español
Traduction française
Traduzione italiana
Türkçe çeviri
中文 汉译
Новый русский перевод МБО
Выбор книги основного перевода
Судьи
ескі Інжіл
ескі Інжіл
Бытие
ескі Інжіл
Книга Бытие в переводе Казахский (қазақ тілі)
Исход
ескі Інжіл
Книга Исход в переводе Казахский (қазақ тілі)
Левит
ескі Інжіл
Книга Левит в переводе Казахский (қазақ тілі)
Числа
ескі Інжіл
Книга Числа в переводе Казахский (қазақ тілі)
Второзаконие
ескі Інжіл
Книга Второзаконие в переводе Казахский (қазақ тілі)
Иисус Навин
ескі Інжіл
Книга Иисус Навин в переводе Казахский (қазақ тілі)
Судьи
ескі Інжіл
Книга Судьи в переводе Казахский (қазақ тілі)
Руфь
ескі Інжіл
Книга Руфь в переводе Казахский (қазақ тілі)
1. Царств
ескі Інжіл
Книга 1. Царств в переводе Казахский (қазақ тілі)
2. Царств
ескі Інжіл
Книга 2. Царств в переводе Казахский (қазақ тілі)
3. Царств
ескі Інжіл
Книга 3. Царств в переводе Казахский (қазақ тілі)
4. Царств
ескі Інжіл
Книга 4. Царств в переводе Казахский (қазақ тілі)
1. Паралипоменон
ескі Інжіл
Книга 1. Паралипоменон в переводе Казахский (қазақ тілі)
2. Паралипоменон
ескі Інжіл
Книга 2. Паралипоменон в переводе Казахский (қазақ тілі)
Ездра
ескі Інжіл
Книга Ездра в переводе Казахский (қазақ тілі)
Неемия
ескі Інжіл
Книга Неемия в переводе Казахский (қазақ тілі)
Есфирь
ескі Інжіл
Книга Есфирь в переводе Казахский (қазақ тілі)
Иов
ескі Інжіл
Книга Иов в переводе Казахский (қазақ тілі)
Псалтирь
ескі Інжіл
Книга Псалтирь в переводе Казахский (қазақ тілі)
Притчи
ескі Інжіл
Книга Притчи в переводе Казахский (қазақ тілі)
Екклесиаст
ескі Інжіл
Книга Екклесиаст в переводе Казахский (қазақ тілі)
Песня Песней
ескі Інжіл
Книга Песня Песней в переводе Казахский (қазақ тілі)
Исаия
ескі Інжіл
Книга Исаия в переводе Казахский (қазақ тілі)
Иеремия
ескі Інжіл
Книга Иеремия в переводе Казахский (қазақ тілі)
Плач Иеремии
ескі Інжіл
Книга Плач Иеремии в переводе Казахский (қазақ тілі)
Иезекииль
ескі Інжіл
Книга Иезекииль в переводе Казахский (қазақ тілі)
Даниил
ескі Інжіл
Книга Даниил в переводе Казахский (қазақ тілі)
Осия
ескі Інжіл
Книга Осия в переводе Казахский (қазақ тілі)
Иоиль
ескі Інжіл
Книга Иоиль в переводе Казахский (қазақ тілі)
Амос
ескі Інжіл
Книга Амос в переводе Казахский (қазақ тілі)
Авдий
ескі Інжіл
Книга Авдий в переводе Казахский (қазақ тілі)
Иона
ескі Інжіл
Книга Иона в переводе Казахский (қазақ тілі)
Михей
ескі Інжіл
Книга Михей в переводе Казахский (қазақ тілі)
Наум
ескі Інжіл
Книга Наум в переводе Казахский (қазақ тілі)
Аввакум
ескі Інжіл
Книга Аввакум в переводе Казахский (қазақ тілі)
Софония
ескі Інжіл
Книга Софония в переводе Казахский (қазақ тілі)
Аггей
ескі Інжіл
Книга Аггей в переводе Казахский (қазақ тілі)
Захария
ескі Інжіл
Книга Захария в переводе Казахский (қазақ тілі)
Малахия
ескі Інжіл
Книга Малахия в переводе Казахский (қазақ тілі)
Жаңа өсиет
От Матфея
Жаңа өсиет
Книга От Матфея в переводе Казахский (қазақ тілі)
От Марка
Жаңа өсиет
Книга От Марка в переводе Казахский (қазақ тілі)
От Луки
Жаңа өсиет
Книга От Луки в переводе Казахский (қазақ тілі)
От Иоанна
Жаңа өсиет
Книга От Иоанна в переводе Казахский (қазақ тілі)
Деяния
Жаңа өсиет
Книга Деяния в переводе Казахский (қазақ тілі)
Иакова
Жаңа өсиет
Книга Иакова в переводе Казахский (қазақ тілі)
1. Петра
Жаңа өсиет
Книга 1. Петра в переводе Казахский (қазақ тілі)
2. Петра
Жаңа өсиет
Книга 2. Петра в переводе Казахский (қазақ тілі)
1. Иоанна
Жаңа өсиет
Книга 1. Иоанна в переводе Казахский (қазақ тілі)
2. Иоанна
Жаңа өсиет
Книга 2. Иоанна в переводе Казахский (қазақ тілі)
3. Иоанна
Жаңа өсиет
Книга 3. Иоанна в переводе Казахский (қазақ тілі)
Иуды
Жаңа өсиет
Книга Иуды в переводе Казахский (қазақ тілі)
К Римлянам
Жаңа өсиет
Книга К Римлянам в переводе Казахский (қазақ тілі)
1. Коринфянам
Жаңа өсиет
Книга 1. Коринфянам в переводе Казахский (қазақ тілі)
2. Коринфянам
Жаңа өсиет
Книга 2. Коринфянам в переводе Казахский (қазақ тілі)
К Галатам
Жаңа өсиет
Книга К Галатам в переводе Казахский (қазақ тілі)
К Ефесянам
Жаңа өсиет
Книга К Ефесянам в переводе Казахский (қазақ тілі)
К Филиппийцам
Жаңа өсиет
Книга К Филиппийцам в переводе Казахский (қазақ тілі)
К Колоссянам
Жаңа өсиет
Книга К Колоссянам в переводе Казахский (қазақ тілі)
1. Фессалоникийцам
Жаңа өсиет
Книга 1. Фессалоникийцам в переводе Казахский (қазақ тілі)
2. Фессалоникийцам
Жаңа өсиет
Книга 2. Фессалоникийцам в переводе Казахский (қазақ тілі)
1. Тимофею
Жаңа өсиет
Книга 1. Тимофею в переводе Казахский (қазақ тілі)
2. Тимофею
Жаңа өсиет
Книга 2. Тимофею в переводе Казахский (қазақ тілі)
К Титу
Жаңа өсиет
Книга К Титу в переводе Казахский (қазақ тілі)
К Филимону
Жаңа өсиет
Книга К Филимону в переводе Казахский (қазақ тілі)
К Евреям
Жаңа өсиет
Книга К Евреям в переводе Казахский (қазақ тілі)
Откровение
Жаңа өсиет
Книга Откровение в переводе Казахский (қазақ тілі)
← Предыдущая
Судьи
Следующая →
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
1
Бірде Еруб-Бағал (яғни Гедеон) ұлы Әбумәлік шешесінің Сихем қаласындағы аға-інілеріне барып, оларға және бүкіл нағашы жұртына былай деп тіл қатты:
2
«Сихемнің күллі азаматтарына былай деңіздер: Сіздерге қайсысы пайдалы: Еруб-Бағалдың барлық ұлдары — жетпіс адамның билік жүргізгені ме, әлде тек біреуінің ғана ма? Оның үстіне мен сіздердің қандас туысқандарыңызбын ғой, соны да ұмытпаңыздар!»
3
Сонда шешесінің төркіндері Сихемнің өзге азаматтарының алдында Әбумәліктің сөзін сөйледі. Бұлардың көңілдері де Әбумәлікке ауды, өйткені олар: «Ол біздің қандас туысымыз», — десті.
4
Сихемдіктер оған Бағал-Беріттің ғибадатханасынан жетпіс мысқал күміс табыстады. Әбумәлік күміске ар-ұяттан безген, ешкімді менсінбейтін адамдарды жалдап алып, олар оған ілесіп жүретін болды.
5
Әбумәлік сол сарбаздарын ертіп Офраға, марқұм әкесі Еруб-Бағалдың әулетіне аттанып барып, оның жетпіс ұлын — өзінің туған бауырларын тұтқындап, бір дәу тастың үстінде өлтіртіп тастады. Тек Еруб-Бағалдың кенже ұлы Жотам ғана тығылып аман қалды.
6
Содан соң Сихемнің басқарушылары әрі Бет-Миллоның күллі азаматтары жиналып, Сихемдегі бағананың маңындағы емен ағашының қасына барып, сол жерде Әбумәлікті патша етіп тағайындады.
7
Осы оқиға туралы Жотам естігенде, Гәризим тауының басына шығып, бар даусымен айқайлап былай деді: «Сихемнің басшылары, сөзіме құлақ түріңдер! Сонда Құдай сендерге құлақ сала көрсін!
8
Бір күні ағаштар өздеріне патша тағайындамақ боп шешіпті. Сол себепті олар зәйтүн ағашына:— Бізге патша бол! — депті.
9
Ал зәйтүн ағашы оларға:— Басқа ағаштардың үстінен бұтақтарымды шайқау үшін ғана тәңірлер мен адамдарға құрмет сыйлайтын майымды өндіруді доғаруым керек пе? — деп жауап қайтарыпты.
10
Сонда ағаштар інжір ағашына:— Онда сен келіп, бізге патша бол! — депті.
11
Бірақ інжір ағашы оларға:— Басқа ағаштардың үстінен бұтақтарымды шайқау үшін ғана дәмді де тәтті жеміс беруімді доғаруым керек пе? — деп жауап беріпті.
12
Содан соң ағаштар жүзім бұтасына:— Сен біздің патшамыз бола гөр! — депті.
13
Бірақ жүзім бұтасы оларға:— Басқа ағаштардың үстінен бұтақтарымды шайқау үшін ғана тәңірлер мен адамдардың көңілін көтеретін шырын беруімді доғаруым керек пе? — деп жауап қайырыпты.
14
Сонда ағаштардың барлығы тікенді бұтаға:— Ендеше сен патша бол! — депті.
15
Тікенді бұта оларға:— Егер сендер мені шынымен өздеріңе патша қылғыларың келсе, онда келіп, менің көлеңкемді паналаңдар. Ал егер алдап тұрсаңдар, онда тікенді бұтадан от лап етіп шығып, тіпті Ливанның самырсындарын да өртеп жіберсін! — депті.
16
Ендеше, егер сендер Әбумәлікті патша етіп тағайындаған кезде адалдық пен ізгі ниет көрсеткен болсаңдар, яғни Еруб-Бағал марқұм мен оның әулетіне жақсылық жасап оның істегеніне лайықты іс-әрекет жасаған болсаңдар, онда жақсы.
17
Ал Еруб-Бағал кезінде сендер үшін өз басын қатерге тігіп, шайқасып, сендерді мадияндықтардан аман-есен құтқарып қалған болатын.
18
Бірақ сендер бұл күндері әкемнің отбасына қарсы бас көтеріп, оның жетпіс ұлын бір дәу тастың үстінде қырып тастадыңдар, ал оның күңінен туған ұлы Әбумәлікті өздеріңе туысқан болғандықтан Сихемнің азаматтарының үстінен патша етіп қойдыңдар.
19
Егер сендер осыны істегенде шынайы да адал ниетпен әрекеттенген болсаңдар, онда Әбумәлік сендерді, сендер Әбумәлікті қуантыңдар.
20
Ал егер солай істемеген болсаңдар, онда Әбумәліктен от лап етіп сендерді: Сихем мен Бет-Миллоның азаматтарын жалмап қойсын, әрі сендерден де от лап етіп, Әбумәлікті жалмап қойсын!»
21
Жотам осыны айтып болған соң, ағасы Әбумәліктен бас сауғалап Бегер жағына қашып барып, сонда тұрды.
22
Әбумәлік Исраилге үш жыл бойы басшылық етті.
23
Алайда Құдай Әбумәлік пен Сихем азаматтарының арасына араздық туғызатын жын жіберіп, Сихемнің адамдары Әбумәлікке қарсы опасыздық жасады.
24
Осылайша Ол өз ағайындары — Еруб-Бағалдың жетпіс ұлына зорлық жасаған Әбумәліктің мойнына және мұнысын қолдаған Сихемнің азаматтарының мойындарына солардың төгілген қанын салып, олар әділ жазаларын тартулары керек болды.
25
Сихемдіктер Әбумәлікке қарсы шығып, қырат бастарына тосқауыл қойып, сол жерден өткендердің бәрін тонайтын. Бұл туралы Әбумәлікке хабар тиді.
26
Сол екі арада Ебед ұлы Ғағал өзінің ағайындыларымен бірге Сихемге көшіп келіп, қала азаматтарының сеніміне ие болды.
27
Сихемдіктер жүзімдіктерінің өнімін жинап, жүзім шырынын сығып болған соң, көңілді мереке өткізді. Сонда олар өздерінің табынатын жалған тәңірлері Бағалдың ғибадатханасына барып, сонда ішіп-жеп, Әбумәлікті қарғап-сіледі.
28
Ебед ұлы Ғағал сол жерде отырып былай деді: «Біз — Сихемнің азаматтары оған қызмет ететіндей, Әбумәлік деген кім еді өзі? Ол — Еруб-Бағалдың ұлы, әрі Зебул — оның орынбасары емес пе? Ендеше сендер (арғы аталарың) Сихемнің әкесі Хамордың ұрпақтарына ғана қызмет етіңдер! Біз неге исраилдіктерге қызмет етуіміз керек, ә?
29
Осы халық менің қол астымда болса ғой, шіркін! Онда мен Әбумәлікті қуып жіберер едім! Әбумәлікке: Бүкіл жасағыңды шақырып алып, шайқасқа аттан! — дер едім».
30
Осы сөздер қаланың әкімі Зебулге жеткенде, ол қатты ашуланды.
31
Зебул Арумада жүрген Әбумәлікке құпия хабаршыларын жіберіп былай деді: «Тақсыр, Ебед ұлы Ғағал өзінің ағайындарымен Сихемге көшіп келіп, енді халықты сізге қарсы айдап салып жүр!
32
Сондықтан қасыңыздағы жасақпен бірге түнде аттанып, далада тосқауыл құрыңыздар!
33
Таңертең ерте, күн шыға салысымен қалаға бас салыңыздар. Ғағал қасындағы адамдарымен қаладан сізге қарсы шыққанда, оған қалағаныңызды істей көріңіз!»
Параллельные места
1. Царств 10:7
Осының бәрі орындалғанда өзің дұрыс дегеннің барлығын істей бер. Себебі Құдай саған жар болады.
34
Осылайша Әбумәлік қасындағы бүкіл жасағын ертіп, түнде жолға шықты да, Сихемге жетті. Олар төрт топқа бөлініп, қалаға қарсы тосқауылдар құрды.
35
(Келесі күні таңертең) Ебед ұлы Ғағал қаладан шығып, қала қақпасының алдында тұрған кезде, Әбумәлік пен оның адамдары жасырынған орындарынан тұтқиылдан шыға келді.
36
Ғағал оларды көргенде Зебулге:— Анаған қараңыз, қырат бастарынан адамдар түсіп келе жатыр! — деді. Бірақ Зебул оған жауап қайырып:— Қыраттардың көлеңкесін адам екен деп көріп отырсың, — деді.
37
Ғағал қайтадан тіл қатып:— Жоқ, қараңызшы, елдің жоғарғы жағынан адамдар ылдилап келе жатыр! Көріпкелдер емені жағынан да бір топ адам келе жатыр! — деді.
38
Зебул оған:— Онда сенің: «Біз оған қызмет ететіндей, Әбумәлік деген кім еді өзі?» деп мақтанғаның қайда?! Сенің менсінбеген адамдарың осылар емес пе? Енді шығып, олармен шайқасып көр! — деді.
39
Ғағал Сихемнің азаматтарын бастап алып шығып, Әбумәлікпен шайқасты.
40
Әбумәлік Ғағалдың артынан қуып, Сихемнің көптеген адамдары қашып кетіп, қала қақпасына жетпей қаза болды.
41
Бұдан кейін Әбумәлік Арумаға қайта оралды, ал Зебул Ғағал мен оның ағайындарын Сихемнен қуып шықты.
42
Келесі күні Сихемнің көптеген адамы қаладан далаға шықты. Бұл туралы хабар Әбумәлікке жетті.
43
Ол өз адамдарын үш топқа бөлді де, далада тосқауыл құрып оларды күтіп тұрды. Қаланың адамдарының таяп келе жатқанын көргенде, Әбумәлік орнынан шыға келіп, оларға бас салды.
44
Әбумәлік қасындағы тобымен алға ентелеп, қала қақпасының маңын басып алды. Ал қалған екі топ далада қалғандарды қырып-жоюмен болды.
45
Әбумәлік күні бойы қалаға шабуыл жасап, ақырында оны басып алып, ондағы адамдардың көздерін құртты. Қаланы жермен-жексен қылып қиратып, үстіне тұз сеуіп шашты.
46
Сихемнің мұнарасының тұрғындары осыны естігенде, Ел-Беріт деген жалған тәңірдің ғибадатханасының астына бас сауғалап кіріп алды.
47
Олардың сонда жиналғаны туралы Әбумәлік те естіді.
48
Ол барлық адамдарымен бірге Салмон төбесіне көтерілді де, балтамен бір құшақ бұтақ кесіп, иығына салып, көтеріп алды. Қасындағы адамдарына: «Мен не істесем, сендер де жылдамдап соны істеңдер!» — деп бұйырды.
49
Сонда бүкіл адамдары бұтақтар кесіп алып, Әбумәліктің соңынан еріп, қалаға қайтты. Бұтақтарын қамалдың айналасына үйіп, от қойып, өртеп жіберді. Осылай Сихем мұнарасының барлық тұрғындары: әйелі бар, еркегі бар шамамен бір мың адам қаза тапты.
50
Содан соң Әбумәлік Тебеске барып, оны қоршап, басып алды.
51
Ал қала ішінде бір мықты мұнара бар болатын. Қаланың бүкіл азаматтары: еркектер мен әйелдер сол мұнараға бас сауғалап қашып барды. Олар бекініп алып, мұнараның жалпақ төбесіне шықты.
52
Әбумәлік шабуылдамақ болып мұнараға қарай беттеп, от қою үшін мұнара қақпасына жақындай берді.
53
Сонда бір әйел мұнара төбесінен Әбумәліктің үстіне қол диірменнің үстіңгі тасын тастап жіберіп, оның басы жарылып қалды.
54
Әбумәлік өзінің қару-жарағын көтеріп жүретін нөкерін дереу шақырып алды да: «Семсеріңді суырып ал да, мені өлтір. Жұрт: «Оны әйел өлтірді» деп жүрмесін!» — деді. Сонда жаңағы жас жігіт оған семсерін сұғып алып, Әбумәлік жан тапсырды.
55
Исраилдіктер Әбумәліктің қайтыс болғанын көргенде, барлығы үйлеріне қайтып кетті.
56
Әбумәліктің өзінің жетпіс аға-інісін өлтіріп әкесіне қарсы жасаған сұмдық ісінің есесін Құдай осылайша қайтарды.
57
Құдай Сихемнің адамдарына да сұмдық істеріне бола жазаларын тартқызып, Еруб-Бағал ұлы Жотамның қарғысы олардың бастарына түсті.
← Предыдущая
Судьи
Следующая →
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
Выбор основного перевода
Синодальный
Современный
Перевод РБО. Радостная Весть
Юбилейное издание (Свет на Востоке)
Перевод свящ. Леонида Лутковского
Церковнославянский перевод
Аварский (магӀарул мацӀ)
Азербайджанский (Azärbaycanca)
Башкирский (башҡорт теле)
Беларускі пераклад
Грузинский (ქართული ენა)
Казахский (қазақ тілі)
Кумыкский (къумукъ тил)
Осетинский (ирон æвзаг)
Таджикский (тоҷикӣ)
Татарский (татарча)
Туркменский (Türkmençe)
Узбекский (ўзбекча)
Український переклад І. Огієнка
Чеченский (нохчийн мотт)
Чувашский (чӑвашла)
American Standard
Biblia Tysiąclecia
Deutsche Luther
Ελληνική μετάφραση
King James
Română traducere
Tradução português
Traducción al español
Traduction française
Traduzione italiana
Türkçe çeviri
中文 汉译
Новый русский перевод МБО