Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Оның Сихемде тұратын кәнизагы да бір ұл туып, Гедеон оның атын Әбумәлік (демек, «(көктегі) Әкем — Патша») деп қойды. Сонда шешесінің төркіндері Сихемнің өзге азаматтарының алдында Әбумәліктің сөзін сөйледі. Бұлардың көңілдері де Әбумәлікке ауды, өйткені олар: «Ол біздің қандас туысымыз», — десті. Әбумәлік сол сарбаздарын ертіп Офраға, марқұм әкесі Еруб-Бағалдың әулетіне аттанып барып, оның жетпіс ұлын — өзінің туған бауырларын тұтқындап, бір дәу тастың үстінде өлтіртіп тастады. Тек Еруб-Бағалдың кенже ұлы Жотам ғана тығылып аман қалды. Содан соң Сихемнің басқарушылары әрі Бет-Миллоның күллі азаматтары жиналып, Сихемдегі бағананың маңындағы емен ағашының қасына барып, сол жерде Әбумәлікті патша етіп тағайындады.
Выбор основного перевода