Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Ал Жаратқан Иенің Рухы Саулды тастап кеткен еді. Содан бастап Тәңір Ие жіберген бір қинайтын рух Саулдың үрейін ұшырып қорқытатын болды. Жігіттер былай деп жауап берді:— Жиналыңдар, оларға қарсы аттанып, тап берейік! Біз әлгі өлкені барлап шығып, оның өте жақсы екенін көрдік! Осылай отыра бересіңдер ме? Сол жаққа барып, оны иемденуден жалтармаңдар! Сонда жеткенде сендер ұлан-ғайыр аймақта тұрып жатқан бейқам халықты көресіңдер. Құдай аймақты қолымызға түсіріп отыр! Сол өңірде жер бетіндегі игілікті атаулының бәрі де бар! — деді. Содан соң әлгі адам, оның кәнизагы және қызметшісі жолға жиналғанда, қайын атасы оған: «Қарашы, күн батуға жақын, кеш түсіп-ақ қалды. Түнесеңдерші. Міне, кеш түсіп бара жатыр. Осында түнеп, көңіл көтер. Сендер ертең таң сәріде жолға шығарсыңдар», — деді. Ал енді, міне, қараңыз: Жаратқан Ие мына барлық пайғамбарларыңыздың ауыздарына өтірік хабар айтқызатын рухты салып қойған. Себебі Жаратқан Ие сіздің басыңызға пәле түсетінін алдын ала кесіп қойды!
Выбор основного перевода