Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Гедеон сол жерде Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын салып, оған «Жаратқан Ие — амандық (бастауы)» деген ат қойды. Сол құрбандық орны күні бүгінге дейін Әбиезер әулетіне тиесілі Офра деген жерде тұр. «Сихемнің күллі азаматтарына былай деңіздер: Сіздерге қайсысы пайдалы: Еруб-Бағалдың барлық ұлдары — жетпіс адамның билік жүргізгені ме, әлде тек біреуінің ғана ма? Оның үстіне мен сіздердің қандас туысқандарыңызбын ғой, соны да ұмытпаңыздар!» Шешесі Аталия өз ұлы Охозияхтың өлгені туралы білген соң, Яһуда елінің патша тұқымына жататын барлық басқаларын да өлтіруге әрекеттенді. Содан соң Еходай патшазада Жоғасты сыртқа алып шығып, басына тәж кигізіп, қолына Келісімнің айғағын ұстатты. Діни қызметкерлер Жоғасқа май жағу рәсімін орындап, оны патша етіп жариялады. Барлығы қолдарын шапалақтап, «Патша жасасын!» — деп ұрандап айқай салды.
Выбор основного перевода