Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Осы арқылы сендер өздерің тұрып жатқан елді арамданудан сақтайсыңдар. Себебі өлтірілген кісінің төгілген қаны елді арамдайды. Оны өлтірген адамның өз қаны төгілмей, төгілген қаннан арамданған елді тазартуға болмайды. «Жалданып жазықсыз адамды өлтіргенді қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. Әбумәліктің өзінің жетпіс аға-інісін өлтіріп әкесіне қарсы жасаған сұмдық ісінің есесін Құдай осылайша қайтарды. Құдай Сихемнің адамдарына да сұмдық істеріне бола жазаларын тартқызып, Еруб-Бағал ұлы Жотамның қарғысы олардың бастарына түсті. Енді Жаратқан Ие жазықсыз төккен қанын Жоғабтың мойнына салады. Себебі ол әкем Дәуіт марқұмға білдірмей, өзінен әділ де ізгі екі адамды: Исраилдің қолбасшысы Нер ұлы Әбенирді және Яһуданың қолбасшысы Етер ұлы Амасаны семсерімен шауып өлтірді. Бірақ алдына Естер келген кезде патша: «Хаманның яһудилерге қарсы жасаған зұлым жоспары оның өз басына түссін және өзі ұлдарымен қоса дарға асылсын!» — деп жазбаша жарлық шығарған еді. Ол ор қазып, соны тереңдетіп дайындайды,Алайда сол тұзағына өзі кейін құлайды. Сол үшін де кінәсіз Әбілден бастап, өздерің киелі үй мен құрбандық үстелінің арасында өлтірген Барақияхтың ұрпағы Зәкәрияға дейін жер бетінде төгілген күллі әділдердің қандарының құны сендердің мойындарыңа жүктелетін болады! Сендерге шындығын айтамын: мұның барлығы да осы ұрпақтың мойнына жүктеледі!
Выбор основного перевода