Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Сонда бүкіл адамдары бұтақтар кесіп алып, Әбумәліктің соңынан еріп, қалаға қайтты. Бұтақтарын қамалдың айналасына үйіп, от қойып, өртеп жіберді. Осылай Сихем мұнарасының барлық тұрғындары: әйелі бар, еркегі бар шамамен бір мың адам қаза тапты. Әбумәліктің өзінің жетпіс аға-інісін өлтіріп әкесіне қарсы жасаған сұмдық ісінің есесін Құдай осылайша қайтарды. Құдай Сихемнің адамдарына да сұмдық істеріне бола жазаларын тартқызып, Еруб-Бағал ұлы Жотамның қарғысы олардың бастарына түсті.
Выбор основного перевода