Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Һаронға, оның ұлдарына және бүкіл Исраил халқына мынаны айт: Егер кейбіреулерің, исраилдік болсын, араларыңда тұрып жатқан жат жұрттық болсын, ант етілген немесе өз еркімен Жаратқан Иеге арнап түгелдей өртелетін құрбандық ұсынатын болса, ол ешбір мінсіз бір бұқаны, қошқарды немесе текені алып келсін. Сонда ғана құрбандығы қабылданады. Кемістігі бар еш малды Жаратқан Иеге ұсынбаңдар, әйтпесе оларың қабылданбайды. Құдайларың Жаратқан Иеге арнап кемтар, қандай да бір кемістігі бар не мүйізді ірі қара, не ұсақ малды құрбандыққа шалмаңдар! Құдай Ие солай істегендеріңді әбден жек көреді. Құрбандыққа шалуға соқыр малды әкелесіңдер, бұл сұмдық емес пе?! Ақсақ не ауру мал әкелсеңдер, бұл да сұмдық емес пе?! Сондайды әкіміңе (салық ретінде) ұсынып көр! Ол соған риза болып саған оң көзімен қарар ма екен? — деп ескертеді Әлемнің Иесі. Өзінің отарында құрбандыққа ұсынуға лайықты мінсіз еркек тоқтысы болып, соны Тәңір Иеге бағыштап шалуға уәде бере тұра, кейін Оған кемістігі бар басқа малды ұсынған өтірікшіні қарғыс атады! Өйткені Мен ұлы Патшамын! — деп ескертеді Әлемнің Иесі. — Менің есімім өзге халықтардың арасында айбатты болып, терең қастерленеді. Құдайдың мінсіз де мүлтіксіз «Тоқтысы» — Мәсіхтің Өзі құрбан болып, баға жетпес қанын төгуімен құтқарылуларыңның құнын төледі.
Выбор основного перевода