Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса:— Біз жас-кәрілерімізді, ұл-қыздарымызды, ұсақ және мүйізді ірі қараларымызды ала барамыз. Өйткені Жаратқан Иеге арналған мейрам тойын өткізуіміз керек, — деді. — Мен сендерді бала-шағаларыңмен бірге жіберетін болсам, Жаратқан Иелерің сендерге жар болсын! Сендердің ниеттерің қара, бұл айқын көрініп тұр. Жоқ, солай бола қоймас! Тек еркектерің ғана барып, Жаратқан Иеге ғибадат етсін! Сұрағандарың да сол емес пе еді? — Осылай деп, перғауын Мұса мен Һаронды қасынан қуып шықты. Перғауын Мұсаны шақырып алып:— Жарайды, барыңыздар, Жаратқан Иеге арнап ғибадат етіңіздер. Балаларыңыз да бірге бара берсін. Тек ірілі-ұсақты малдарыңыз ғана қалсын, — деді. Малдарымыз өзімізбен бірге жүрсін, бір тұяқты да қалдырмаймыз. Біз Құдайымыз Жаратқан Иеге арнап шалатын құрбандықтарды солардың ішінен аламыз. Қандай малдарды құрбандыққа шалатынымызды тек баратын жерімізге жеткенде ғана білеміз.
Выбор основного перевода