Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ оларды құл еткен халықты Мен жазалаймын. Бұдан кейін сенің ұрпақтарың сол елден мол дүние-мүлікпен көшіп шығады. Ал Мен мысырлықтарды халқыңа оң көзбен қаратамын, кеткен кездеріңде құр қол аттандырмаймын. Араларыңдағы әрбір әйел көршілес және бірге тұрған мысырлық әйелдерден алтын-күміс бұйымдар мен әсем киімдерді сұрап алсын. Бұларды ұл-қыздарыңа сәндеп кигізіңдер, осылайша мысырлықтардың байлығын олжалайтын боласыңдар. Осы уақыт жеткенде Жаратқан Ие мысырлықтарды Исраилдің үрім-бұтағына игі ниетпен қаратты. Мұсаның абыройы да Мысыр жерінде перғауынның нөкерлері мен халықтың алдында зор болды. Жаратқан Ие Мысырдан халықтыСыйға алған алтын-күміспен алып шықты,Руларындағы біреу де шаршап-шалдықпады.
Выбор основного перевода