Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы малды айдың он төртіне дейін бағып күтіп, қастарыңда ұстаңдар. Сол күні кешке қарай Исраил халқының бүкіл қауымы тоқтыларын құрбандыққа шалсын. Осылай «Ашымаған нан мейрамын» берік сақтаңдар! Бұл күні Менің сендерді Мысырдан лек-лектеріңмен алып шыққанымды жыл сайын еске алып отырыңдар. Келешек ұрпақтарың да бұл ережені мәңгі берік ұстансын. Бұл әдет қолдарыңа салынған белгіге, көз алдарыңдағы ескертпе жазбаға ұқсайтын болсын. Содан ол Жаратқан Иенің ережелерінің әрқашан аузыңда болуға тиіс екенін естеріңе түсірмек. Себебі Жаратқан Ие сендерді Өзінің құдіретті қолымен Мысырдан бастап алып шықты. Осы ережені жыл сайын белгіленген уақытта орындайтын болыңдар! Жосия патша бүкіл халыққа: «Құдайларың Жаратқан Иеге арнап осы Келісім кітабында жазылғанға сай Құтқарылу мейрамын өткізіңдер!» — деп жарлық шығарды.
Выбор основного перевода