Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен Жүсіп әкесі мен аға-інілерін Мысырға қоныстандырып, перғауын айтқан Рамсес қаласының төңірегіндегі ең жақсы жерді олардың меншігі етіп пайдалануға берді. Санаққа енген, жасы жиырмаға толған не одан асқан барлығы алты жүз үш мың бес жүз елу ер адам еді. Олардың әрбіреуі бір бекадан күміс берді. Бека — ресми мысқалдың жарты мөлшері. олардың жалпы саны алты жүз үш мың бес жүз елу болды. Сонда Мұса Жаратқан Иеге былай деді:— Міне, алты жүз мың жаяу жасақшысы бар халықтың арасында тұрмын. Ал Сен «Мен оларға тұтас бір ай бойы жейтін ет беремін» дейсің. Бірінші айдың он бесінші күні, құтқарылу мейрамынан кейінгі келесі күні исраилдіктер мысырлықтардың көз алдында Рамсес қаласынан нық сеніммен алға басып шықты. Жаратқан Ие мысырлықтардың барлық тұңғыштарын қырғынға ұшыратқандықтан, олар сол күні тұңғыштарының мәйіттерін жерлеп жатты. Себебі Жаратқан Ие олардың жалған тәңірлеріне Өзінің үкімін жүзеге асырған еді.
Выбор основного перевода