Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Мен перғауынды және Мысыр елін тағы бір апатқа душар етемін. Одан соң ол бұл жерден кетулеріңе рұқсат беріп қана қоймай, тіпті біріңді қалдырмай елінен шығуға мәжбүрлейтін болады. Перғауын сол түні Мұса мен Һаронды шақырып алып:— Жолға жиналыңдар! Исраилдің үрім-бұтағын ертіп алып, халқымның арасынан аулақ кетіңдер! Барып, өз сөздеріңе сай Жаратқан Иеге ғибадат етіңдер! Ірілі-ұсақты малдарыңды да өздерің айтқандай ала кетіңдер. Ал маған оң баталарыңды бере көріңдер, — деп өтінді. Мысыр халқы да исраилдіктерге:— Осы елден тезірек кете көріңдер, әйтпесе бәріміз де өліп қалармыз! — деп жалынып асықтырды.
Выбор основного перевода