Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылай «Ашымаған нан мейрамын» берік сақтаңдар! Бұл күні Менің сендерді Мысырдан лек-лектеріңмен алып шыққанымды жыл сайын еске алып отырыңдар. Келешек ұрпақтарың да бұл ережені мәңгі берік ұстансын. Сондықтан Мен халқымды мысырлықтардың қолынан азат ету үшін көктен түстім. Оларды Мысырдан алып шығып, қанахандықтар, хеттіктер, аморлықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктер қоныстанған елге бастап алып барамын. Сол елдің жері шұрайлы, кең-байтақ, ағы мен балы ағыл-тегіл мол. Кәне, жүр, Мен сені перғауынға жіберемін. Сен халқым Исраилді Мысырдан бастап алып шығасың! — деп бұйырды. Сондықтан исраилдіктерге барып, мына сөздерімді жеткіз: «Мен Жаратқан Иемін, сендерді мысырлықтардың езгісінен азат етемін. Мен қолымды созып, құдіретті істеріммен мысырлықтарды соттап, жазалау арқылы өздеріңді құлдықтан құтқарып аламын.
Выбор основного перевода