Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
(Асафтың насихат жыры.)Уа, Құдай, неге бізден біржола бас тарттың,Неліктен өрши түседі қаһарың«Қойларыңа» қарсы «отарыңдағы» Сенің? Өзің таңдап алған ежелгі замандаХалқың екенімізді есіңде сақташы:Сенің босатқан ұлтыңбыз, меншігің айрықша.Сиондағы тұрағыңды да ұмытпашы: Бізге аталарымыздың күнәларын артпашы,Қайта, өз рақымыңды бізге тезірек жолдашы,Өйткені әлсіреп түңілдік аса қатты. Алайда Мен өз еркіме сай қылмыстарыңды өшіріп тастаймын! Енді қайтып ешқашан да күнәларыңды есіме алмаймын! Мен сондайларға мәңгі бақи ашуланбаймын, айып та тақпаймын. Әйтпесе адамның жаны алдымда әлсіреп, Өзім өмір лебін үрлеп жаратқан пенде құрып, жоқ болар еді. Қамалыңды жат жерліктер қайта тұрғызады, олардың патшалары да саған қызмет ететін болады. Сион, Мен қаһарланып, сені жазалаған едім. Енді саған риза болып, жанашырлық білдіремін. Жаратқан Ие былай деген болатын:«Шынында олар Менің меншікті халқым,Алдамайтын рухани балаларым».Содан Ол халқын құтқармақшы болды.
Выбор основного перевода