Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Маған арнап топырақтан құрбандық орнын салыңдар. Ұсақ әрі мүйізді ірі қара малдарыңнан құрбандық шалып, кейбіреулерін құрбандық орнының үстінде тұтасымен өртеп Маған ұсыныңдар. Ризашылық құрбандықтарының белгілі бөліктерін де соның үстінде өртеп ұсыныңдар. Мен өз атымды атап, дәріптеулеріңе рұқсат еткен әрбір орында солай істеңдер. Сонда Мен қастарыңа келіп, өздеріңді жарылқаймын. Уа, Ием, қандай мол Сенің ізгілігің:Өзіңді қастерлеп, паналайтындар үшінСоны сақтап, жұрт алдында сыйлайсың. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Әділетті бұйрықтарымды сақтап, әділ істер жасаңдар! Мен сендерді жақында құтқарып, әділдігімді ашық көрсететін боламын. Жаратқан Иенің берік мейірімін,Біз үшін жасаған бар игі істерінМен есіме түсіріп дәріптеймін.Иеміз Исраил халқына молынанКөрсетіп келеді мейірімділігін,Аямай төккен шексіз рақымыменТәңір істеп келеді зор игіліктерін. Ал өз халқы Құдайға қарсы көтерілді,Киелі Рухын қатты ренжіте берді.Сондықтан Тәңір оның жауына айналды,Халқына қарсы Өзі күреске шықты.
Выбор основного перевода