Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендер бәрін керісінше ойлайсыңдар! Құмырашыны саз балшықпен теңестіруге бола ма?! Жаратылған нәрсе өзін жаратқан туралы: «Ол мені жаратқан жоқ!» деп айта ала ма? Әлде бір ыдыс өзіне пішін беріп жасаған құмырашы жайлы: «Ол ештеңені білмейді!» дей ала ма? Өзін жаратқан Құдайды сынап, шағым айтқан пенде қасіретке қалады! Ол саздан жасалған ыдыстың сынығына ұқсайды. Әлде саз балшықтың құмырашыны: «Не істеп отырсың?» — деп сынауына бола ма? Немесе өзің жасап жатқан бұйымыңның сен туралы: «Қолынан түк келмейді», — деп наразылық білдіруіне қақысы бар ма?! Исраил халқы сиынған Киелі Құдай, оны жаратқан Тәңір Ие, тағы мынаны айтады: «Сендер Маған болашақтағы жайттар туралы сұрақ қоясыңдар ма?! Рухани балаларым және қолымнан шыққан істерім жөнінде бұйрық бересіңдер ме?! Күллі халқың әділ болып, осы елге ұдайы ие болады. Халқым Өзім отырғызған көшетке ұқсайды. Мен оны жараттым, ол арқылы ұлылығымды паш етемін. Себебі Сен рухани Әкемізсің,Түпкі аталарымыз ЫбырайымМен Исраил бізді танымайды екен,Ал Сен, Жаратқан Ие, бізге Әкесің,Ежелден-ақ мынау болды өз есімің:«Құтқарып алған Қамқоршымыз біздің». Ей, пенде, Құдайға қарсы сөйлейтіндей сен кімсің?! Жаратылған нәрсе өзін жаратқанға: «Неге мені осылай жараттың?» деп айта ма? Қайта, құмырашы бір балшықтан алып, біреуін сән-салтанатқа, келесісін қарапайым қолданысқа арнап екі ыдыс жасаймын десе, ерікті емес пе?
Выбор основного перевода