Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ шақырсам да, тыңдаудан бас тарттыңдар,Құшағымды жайсам да, назар аудармадыңдар, Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Бас көтергіш балаларға ұқсайтын халқым қасіретке қалады! Олар Менің еркімнен тыс жоспарлар ойлап, одақ құрады, әрі Менің Рухымның жетелеуінсіз келісімшарт жасайды. Осылай күнәларына күнә жамап келеді. Себебі бұл — бас көтергіш халық, өтірікші балалар, Жаратқан Иенің тәлімін тыңдаудан бас тартатын перзенттер. Халқыма келгенімде неліктен Мені ешқайсың қарсы алмадыңдар? Мен қанша шақырсам да, ешқайсың жауап бермедіңдер? Өздеріңді азат ету қолымнан келмейді деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, сендерді құтқаруға құдіретім әбден жетеді! Менің бұйрығыммен теңіз кеуіп қалады. Мен өзендерді де шөл далаға айналдыра аламын. Сонда ондағы балықтар сусыз өліп, шіріп кетеді. Аяқтары жамандыққа алып ұшып, жазықсыз қан төгуге асығады. Олардың ой-ниеттері арам, жүрген жерлерін қиратып, күл-талқандарын шығарады. Сол заман келгенде Иерусалим «Жаратқан Иенің жер бетіндегі тағы» деп аталып, барлық ұлттар Жаратқан Иенің есімін дәріптеу үшін Иерусалимде жиналатын болады. Бұдан былай олар өздерінің зұлым жүректерінің қыңырлығымен жүрмейді. Ал Исраил халқы жайында Құдай мына тәрізді сөздер айтты: «Мен құлақ аспайтын, қасарысқан халықты күні бойы қол созып шақырумен болдым».
Выбор основного перевода