Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ осы халық Оның алдындаСалынып кетті зұлым азғындыққа,Олар Оның балалары емес сонда,Қайта, азғын алдамшы ұрпақ, масқара! Сендер киелі деген емен ағаштарыңның астында және бау-бақшаларыңның ішінде жалған тәңірлерге құлшылық етуді қатты ұнатып, соны таңдаған едіңдер. Міне, соларыңа бола масқараланасыңдар! Иерусалим қаласы осылай шайқалып, Яһуда елі осылай құлайды! Себебі олар сөздерімен де, істерімен де Жаратқан Иеге қарсы шығып, Оның көз алдында салтанатты ұлылығын менсінбей келеді. «Ей, сиқыршылардың балалары, мұнда келіңдер! Жүгенсіз еркектер мен жезөкшелерден тараған сендер, қасыма жақындаңдар! Кімді келеке етіп, тілдеріңді шығарып мазақтап тұрсыңдар? Сендер Өзіме қарсы шыққан өтірікшілердің тұқымысыңдар! Әрбір саялы ағаш түбінде жалған тәңірлерге табынып, құштарлық отына өртенесіңдер. Сайлардағы жартастардың қуыстарында өз балаларыңды құрбандыққа қиясыңдар! Сол сайлардағы тегіс те жұмыр тастарды өздеріңе тәңір етіп таңдап алдыңдар. Сондықтан да сендерге қалатын үлес сол тастар болады. Оларға арнап сұйық тарту құйып, астықтан да сый-тарту ұсынасыңдар. Қалайша Мен осындай қылықтарыңа қарап қаһарымды басамын?! Алайда адамдар (екіжүзділік жасайды. Олар Маған арнап) бұқаларды құрбандыққа шалып, (сонымен қатар жалған тәңірлерге арнап) кісілерді де өлтіреді! Алдыма тоқтылары мен астықтан сый-тартуларын алып келушілер мойнын үзген иттерді және шошқаның қанын да ұсынады. Маған арнап хош иісті заттар түтетіп, пайдасыз тәңірлерге де мақтау айтады. Бұл адамдар Менің емес, өз жолдарын таңдап алды. Олар жасаған жексұрын қылықтарынан тіпті рақат табады. «Өздерін жалған тәңірлерге бағыштағандардың бәрі бірдей жойылатын болады! — деп жариялайды Жаратқан Ие. — Олар тазару рәсімдерінен өтіп, «киелі» бақтарға кіреді. Солардың іштеріндегі тәңірсымаққа табынып, шошқа мен тышқан етін және басқа да жиренішті нәрселерді жейді.
Выбор основного перевода