Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Сендер Менің мысырлықтарға не істегенімді, әрі өздеріңді балапандарын қанаттарымен тасыған қыран іспетті осы жерге аман-есен алып келгенімді көрдіңдер. Тәңір Ие тағы былай деді:— Тыңдаңдар. Мен сендерді жолда қорғап, Өзім дайындаған жерге алып баратын періштені алдарыңнан жіберіп отырмын. Оны ренжітуден сақ болып, айтқандарына құлақ асып, оған қарсы қасарыспаңдар! Ол Менің атымнан әрекет ететіндіктен бас көтерулеріңді кешірмейді. Ал егер оның тілін алып, Менің айтқандарымның бәрін орындасаңдар, онда Мен жауларыңның жауы болып, сендерге қарсы шыққандарға қарсы шығамын. Менің періштем алдарыңнан жүріп отырып, сендерді аморлықтар, хеттіктер, перездіктер, қанахандықтар, хевтіктер және ебустіктердің қоныстанған жеріне алып барады, ал Мен соларды құртамын. Жаратқан Ие:— Өзім бірге барып жар болып, жаныңа тыныштық сыйлаймын, — деп жауап қайырды. Әкесінің ұлын көтеріп алып жүргені сияқты, Құдай Иеміздің де сендерді иен далада жүрген жолдарыңның барлығында қамқорлап келгенін өздерің көрдіңдер. Сендерді осы жерге бастап алып келген де Сол». Ол халыққа ұшырасты айдалада,Жел ысқырып, құлазыған маң далада,Оның қамын ойлап, жан-жақтан қоршады,Көзінің қарасындай сақтап қорғады, Бүркіттей ұясын күзетіп тұрған,Балапандары үстінен қалықтаған,Олар үшін қанаттарын кең жайған,Қауырсын қанатымен тасыған. Жаратқанның жалғыз Өзі халқын бастады,Қасында ешқандай бөгде тәңір болмады. Олар араларыңда болған бөгде тәңірлердің мүсіндерін алып тастап, Жаратқан Иеге сиынып ғибадат етті. Сонда Жаратқан Ие Исраилдің көрген азабына шыдай алмай, оларды аяды.
Выбор основного перевода