Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сегізінші күні ол халықты үйлеріне қайтарды. Олар кетпей тұрып патшаға да ізгі тілек айтып баталарын берді. Бәрі Жаратқан Иенің өз қызметшісі Дәуітке және өз халқы Исраилге жасаған барлық игіліктеріне қуанып жүректері шаттанған күйі үйлеріне қайтып кетті. Шексіз сүйіспеншілігіңе бола,О, Құдай, маған рақым ете гөр,Мейіріміңнің молдығына болаҚылмыстарымды өшіріп тастай гөр. Бәрі ескереді зор ізгілігіңді,Ән-жырмен дәріптейді әділдігіңді. Қаһарланған кезде сенен бір сәтке бетімді жасырған едім. Алайда мәңгілік сүйіспеншілігіммен саған рақым етемін», — дейді сені құтқарып алған Қамқоршың Жаратқан Ие. Таулар қозғалып, төбелер шайқалар, бірақ Менің сүйіспеншілігім сенен айнымас, сенімен амандық пен тыныштық жайлы жасаған Келісімім де шайқалмас!» — дейді саған рақымын төккен Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода