Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраил көшінің алдында жүріп келе жатқан Құдайдың періштесі сол сәтте олардың соңына барды. Бағана тәрізді бұлт та көштің алдыңғы жағынан артына қарай ығысып, Мысырдың әскері мен Исраил көшінің ортасына барып тұрды. Бұлт мысырлықтар жағына қараңғылық орнатып, исраилдік жақта түнді жарық қылып тұрды. Осылай Мысыр әскері исраилдіктерге түні бойы жақындай алмады. Мұса қолын теңіздің үстіне қарай созғанда Жаратқан Ие шығыстан қатты жел жіберді. Ол түні бойы соғып, теңіз суын әрі қарай итеріп, түбін құрғатты. Су қақ айырылған кезде Исраил халқы құрғақ жермен теңіз ортасынан өте шықты. Су оларды оң мен солынан қабырға іспетті қоршап тұрды. Осылай Жаратқан Ие сол күні Исраил халқын мысырлықтардың қолынан құтқарып алды. Кейін исраилдіктер олардың теңіз жағасында жатқан мәйіттерін көрді. Мен сол жерге түсіп, өзіңмен тілдесемін. Сендегі Рухтан алып, олардың әрқайсысына үлестіріп қондырамын. Сонда осы халықты басқарудың ауыр жүгін сен жалғыз өзің көтермейсің, олар да сенімен бірге көтерісетін болады. Ием, Сенің істеріңді еске аламын,Ежелгі кереметтеріңді ойға аламын, Бар іс-әрекетің жайлы ойланамын,Ұлы істерің жөнінде толғанамын. Жолдарың Сенің, уа, Құдай, қасиетті,Өзіңдей тәңір бар ма құдіретті? Сен кереметтер жасайтын Құдайсың,Халықтарға күш-қуатыңды таныттың, Құдіретіңмен халқыңды құтқардың:Жақып пен Жүсіптің осы ұрпақтарын. Уа, Құдай, Қамысты теңіз Сені көрді,Суы Өзіңді байқап үрейленді,Теңіздің тұңғиығы дүр сілкінді. Бұлттар сонда жерге нөсер жаудырды,Аспанда күн күркіреп жаңғырды,Найзағай жебедей ұшып жарқылдады. Құйында Сенің даусың күркіреді,Жай оты әлемге жарығын түсірді,Һәм жер беті шайқалып дірілдеді. Сонда Сен теңіз арқылы жол жүрдің,Ұлан-ғайыр су арқылы қадам бастың,Ал көзге көрінбеді іздерің Сенің. Содан халқыңды отардай бастадыңЖетекшілігімен Мұса мен Һаронның. — Уа, Жаратқан Ие, орныңнан тұрып,Баяғыдай құдіретті қолыңды созып,Ежелдегі істегенің іспеттіҚазір де көрсете гөр ерен күшіңді!Сол заманда Мысыр елін талқандап,Осы айдаһардай жауды жарақаттап,Жойып жіберген Өзің емес пе едің?! Сонда Сен теңіздің суын құрғатыпТүпсіз тұңғиығынан бір жол аштың,Халқыңды жаудың қолынан құтқарыпСол жолмен арғы жаққа алып шықтың!
Выбор основного перевода