Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса қолын теңіздің үстіне қарай созғанда Жаратқан Ие шығыстан қатты жел жіберді. Ол түні бойы соғып, теңіз суын әрі қарай итеріп, түбін құрғатты. Су қақ айырылған кезде Уа, Жаратқан, оң қолың зор құдіретіңді танытты,Сенің қолың, о, Ием, жауларыңды талқандады. Сондықтан да, уа, Ием, Сенің зор құдіретің көріне түссін! Өзің сол туралы былай деп едің ғой: Менменсіп ата-бабаларымызға жәбір көрсеткендері үшін Сен перғауынға, оның қызметкерлері және елінің бүкіл халқына қарсы кереметтер мен ғажап істер жасадың. Соған бола күні бүгінге дейін Сенің даңқың жер бетіне жайылып келеді. Ей, өз араларыңда Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оның Қызметшісінің даусына құлақ түретін кім? Сендер қараңғыда жүріп, жарықтан ада болсаңдар да, Жаратқан Иеге үміт артыңдар, иә, Құдайларыңды сүйеніш етіңдер! Ал өз беттеріңмен от жағып, қолдарыңа жанып тұрған алау ұстайтын басқалар, мейлі, өздерің лаулатып жандырған от пен алауларыңның жарығында жүре беріңдер. Сендердің Менен алатын «марапаттарың» мынау: қатты қиналып жататын боласыңдар!»
Выбор основного перевода