Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:— Мына халық Мені қашанға дейін менсінбей жүре береді? Мен олардың көз алдында құдіретімді дәлелдейтін қаншама кереметтер жасаған болсам да, олар қашанға дейін Маған сенбей жүре бермек?! Алайда халық күнә жасай берген,Хақ Тағалаға қарсы түзде бас көтерген, Қанша рет олар иен түзде бас көтерді,Айдалада Оны қапаландырды! Бірақ олар әлі де Құдайды сынады,Бас көтеріп, Хақ Тағалаға бағынбады,Оның берген жарлықтарын сақтамады,Бабаларының қылықтарын қайталады, Құдайдан бас тартып опасыздық жасады,Кеуіп қалған садақтай сенімсіз болды. Содан халқына қарсы қаһарланды Жаратқан,Әбден жиренді Өзінің меншікті халқынан. Алайда олар Маған қарсы бас көтеріп, тыңдамай қойды. Олар көз қарашығындай сүйіп табынатын жексұрын мүсіндерін лақтырып тастаған жоқ, әрі Мысырдың жалған тәңірлерінен де бас тартпай қойды. Сондықтан Мен бастарына қаһарымды төгіп, оларды Мысыр елінде бар ашу-ызаммен жазаламақ болдым. Ей, қасарысқандар! Құдайға шын жүректен бағынбай, Оның сөзіне құлақ салмайтын сіздер болып тұрсыздар. Ата-бабаларыңызға ұқсап Киелі Рухқа әлі де қарсы шығып келе жатырсыздар. Осылай Құдайдың Киелі Рухын ренжітуден аулақ болыңдар! Онымен «таңбаландыңдар»: өмірлеріңнен орын алған Киелі Рух — бір күні жамандық атаулыдан азат етілулеріңнің кепілі.
Выбор основного перевода