Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқанға сиындым, Ол жауап берді маған,Әрі азат етті мені бар қорқынышымнан. Бірақ ақырында олардың саудамен және қызметтерімен тапқан пайдалары Жаратқан Иеге бағышталмақ. Олар бір жерге сақталып қойылмайды. Қайта, Жаратқан Иенің көз алдында әділ жүргендер сол байлықты жеткілікті азық-түлік пен таңдаулы киім-кешек сатып алу үшін пайдаланатын болады. Ал осы жазадан аман қалғандар көңілді ән салмақ, олар батыс жақтан Жаратқан Иенің ұлылығын паш ететін болады. Өздерің «Құдай Иеміздің діни қызметкерлері» деп аталып, қызметтеріңді тек Оған ғана арнайтын боласыңдар. Басқа халықтардың байлығынан тамақтанып, олардың қазыналарын мақтан тұтасыңдар. Яһуди сенушілері осыны естігенде тынышталып:— Сонымен Құдай басқа ұлттардың да теріс жолдан қайтып, шынайы өмірге ие болуына мүмкіндік берді! — деп қорытып, Құдайды мадақтай бастады.
Выбор основного перевода