Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Жақыптың үрім-бұтағына аяушылық танытып, Исраил халқын тағы да Өзінікі қылып таңдап алып, оларды өз елінде қайтадан орналастырады. Жат жұрттықтар да мұнда келіп, Жақыптың үрім-бұтағына қосылмақ. Басқа ұлттар Исраил халқын өз еліне қайтып әкеледі, әрі оларға Жаратқан Иенің таңдаған жерінде ұдайы қызмет ететін болады. Сонда халық бұрын өзін тұтқын етіп, езіп-жаншығандарды тұтқындап, үстерінен билік құрмақ. Сонда патшалар кіндік әкелерің болып, ханымдары күтуші әйелдеріңе айналады. Олар саған жерге дейін иіліп тағзым етіп, аяғыңа жабысқан шаңды сүртіп құлдық ұрады. Осылай сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың. Маған үміт артқандар ұятқа қалмайды!» Сион, сол кезде барлық ұлттар әділдігіңді көріп, патшалары да салтанатты ұлылығыңа көздерін жеткізеді. Жаратқан Ие саған қойған жаңа атыңмен аталатын боласың. Бұдан былай ешкім сені «күйеуі тастап кеткен» деп атамайды, жеріңді «ойсырап қалған» деп те айтпайды. Қайта, сені «Қуанышым» және жеріңді «Келіншек» деп атайтын болады. Себебі Жаратқан Ие саған қатты қуанады. Күйеуінің келіншегін қамқорлайтынындай, Жаратушы да сенің жеріңді қамқорлайтын болады. Ал сендер рухани Сион тауына, яғни мәңгі тірі Құдайдың көктегі Иерусалим қаласына, әрі ондағы сан-мыңдаған періштелерге келдіңдер. Тыңда: өздерін яһудиміз (яғни Құдай халқымыз) десе де, олай емес, өтірікші әрі «шайтанның мәжілісханасы» болғандардың кейбіреулерін саған беремін; расында оларды аяғыңа бас ұрғызып, Өзімнің сені сүйетіндігіме көздерін жеткіздіремін.
Выбор основного перевода