Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дәуіт патша орнынан тұрып, былай деді:— Сөзімді тыңдаңдар, уа, ағайындарым, халқым менің! Құдайымыз Жаратқан Иенің «табан тіреніші» — Оның арамызда екенін білдіретін Келісім сандығына тұрақты орын болатын киелі үйді салатын ниетім бар еді. Осы құрылысқа дайындық та жүргіздім. Жүріңдер, тұрағына Оның кірейік,«Табан тіренішінде» мінажат етейік. Айдала жайқала гүлдеп, қуана ән шырқайды. Құла түз енді Ливан тауларындай салтанатты, Қармил тауы мен Шарон жазығындай құлпырып, көрікті болады. Әрбір жан Құдайымыз Жаратқан Иенің салтанатты ұлылығын көретін болады. Мидай далаға балқарағай мен қараған, жасыл бұталар мен зәйтүн ағаштарын әрі құнарсыз, бос далаға қарағай, емен, шыршаларды бірге отырғызбақпын.
Выбор основного перевода