Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оян, Сион халқы, оян! Күш-қуатқа бөлен! Қасиетті қала Иерусалим, салтанатты киін! Құдайсыз, күнәлі жауларың енді қайтып саған кірмейтін болады! Бірақ Менің есімімді терең қастерлейтін сендерге ақталу сыйлайтын күн шығады, оның сәулесінің аясында жандарың сауығады. Сонда сендер қорадан шығып, секіріп ойнайтын торпақтардай азат жүресіңдер. Мейірімді рақымымен ҚұдайымыздыңШұғылалы Таң, міне, атып келеді! Әр адамға сәулесін түсіретін шынайы Нұр бұл дүниеге келе жатты. Сондықтан да былай деп айтылады:«Оян, ей, ұйқышыл,Рухани өлімнен тіріл!Мәсіх саған төгеді нұр».
Выбор основного перевода