Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Айналаңа көз жүгіртіп қарашы: бүкіл балаларың жиналуда! — Мәңгі тірі Жаратқан Ие ант етіп былай деп уәде береді: — Сен осы адамдардың бәрін әшекей етіп таққандай өзіңе қабылдайтын боласың. Олармен қалыңдықтай сәнденіп, көркейіп салтанатқа бөленесің. Халқыңның жер аударылған кезеңде шетелде туған ұрпақтары қайтып келіп, сенен: «Бұл орын бізге тұруға тым тар. Кеңірек жер берсеңіз екен!» деп өтінетін болады. Сол кезде сен іштей былай дейсің: «Бұларды мен үшін туған кім? Мен құрсақ көтеріп, балалы болған емеспін. Халқым жер аударылып, қуылған еді. Сонда бұлардың бәрін кім өсірді екен?! Мен жападан-жалғыз болғанда бұлар қайдан шықты?!» Ал Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Мен қолымды созып, туымды жоғары көтергендей барлық халықтарға белгі беремін. Олар ұлдарыңды кеуделеріне басып, қыздарыңды да иықтарына отырғызып, көтеріп алып келетін болады. Өйткені Жаратқан Ие мынаны айтады:— Мен бұл қалаға амандық пен тыныштықты дариядай ағызып молынан сыйлаймын. Елдердің байлығын да оған тасқынды судай ағызамын. Сонда өздеріңді анасын еміп рақаттанған нәрестедей сезінесіңдер. Бұл, Сионның сендерді аялы алақанымен көтеріп алып жүріп, тізесіне салып, әлдилегені секілді тамаша болады. (Құтқарылған) халықтар оның нұрымен жүріп, жер бетінің патшалары салтанатты тарту-таралғыларын қалаға әкеліп тұрады.
Выбор основного перевода