Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Уа, Исраилдің Құдайы, Әлемнің Иесі! Керуб мүсіндерінің үстіндегі «тағыңда» отырған Сен жер бетіндегі күллі патшалықтардың үстінен қарайтын жалғыз Құдайсың! Көк пен жерді жаратқан да Сенсің! Сені ана құрсағында қалыптастырған, әрі туысқан қамқоршыңдай құтқарып алған Жаратқан Ие мынаны айтады:— Мен, Жасаған Ие, бүкіл әлемді жараттым. Жалғыз Өзім аспан кеңістігін жайып жіберіп, өз құдіретіммен жер бетін де жайып тастадым. Жерді және оның үстіндегі адамдарды жаратқан Менмін! Өз қолыммен аспан кеңістігін жайып жіберіп, барлық аспан денелерін өз бұйрығыммен орналастырдым және бақылаймын да. Мынау Жаратқан Иенің Исраил елі жайлы айтқан ауыр хабары: Аспанды жайып жіберіп, жердің негізін қалаған, адамның денесінде рухын қалыптастырған Жаратқан Ие мынаны айтады: Құдай пенделердің Өзіне қызмет етуіне де зәру емес. Қайта, Оның Өзі барлығына өмір, дем және қажеттінің бәрін сыйлайды.
Выбор основного перевода