Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол күн туғанда саңырау адамдар оқылған кітапты естіп, соқырлардың көздері ашылып, тас қараңғылықтан құтылып, көретін болады. Сол жерде даңғыл жол болып, ол «Қасиеттілік жолы» деп аталмақ. Бұл жолмен арам ниетті адамдар емес, тек Құдайдың халқы жүреді. Менмен ақымақтар оған еш түспейді. Жолдағы сай-салалар толтырылсын,Әрі тау-төбелер аласартылсын,Бұралаң жерлері де түзетілсін,Ой-қырлары да түгелдей тегістелсін! «Мына бейшара, мүсәпір халқым су іздеп, таба алмайды. Олар шөлдеп, таңдайлары кеуіп қалады. Ал Мен, Жаратқан Ие, мінажаттарына құлақ асамын. Мен, Исраил сиынған Құдай, оларды жалғыз қалдырмаймын; Мейірімді рақымымен ҚұдайымыздыңШұғылалы Таң, міне, атып келеді! Ажал төндірген түнектегі біздергеОл Өзінің шапағатты нұрын төгеді,Һәм бізді бейбітшілік жолына жетелейді». Жолдағы сай-салалар толтырылсын,Әрі тау-төбелер аласартылсын,Бұралаң жерлері де түзетілсін,Бұдыр жолдар да түгелдей тегістелсін!
Выбор основного перевода