Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әлемнің Иесінің сот жүргізетін сол күні күллі мақтаншақтар мен тәкаппарлар, өзін-өзі дәріптеуші әркім де масқараланып төмендетіледі! Сонда Ливан тауындағы зәулім самырсындар, Башан тауындағы күллі емендер шабылады, тіпті асқар биік тау-төбелер, заңғар мұнаралар мен мықты қамалдардың бәрі де тегістеліп, жермен-жексен болады. Қандай да алып сауда кемесі мен көз тартатын әшекейлі бейне болмасын, барлығы да құртылады. Ежелде терең теңізге: «Кеуіп қал, ағыстарыңды кептіріп тастаймын!» деп бұйрық берген де Өзіммін. Халқыма келгенімде неліктен Мені ешқайсың қарсы алмадыңдар? Мен қанша шақырсам да, ешқайсың жауап бермедіңдер? Өздеріңді азат ету қолымнан келмейді деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, сендерді құтқаруға құдіретім әбден жетеді! Менің бұйрығыммен теңіз кеуіп қалады. Мен өзендерді де шөл далаға айналдыра аламын. Сонда ондағы балықтар сусыз өліп, шіріп кетеді.
Выбор основного перевода