Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мені осылай алдайтындай кімнен соншама қорқып, зәрең ұшты? Мені есіңе алмай, Маған көңіл де бөлмедің. Ұзақ уақыт бойы үндемедім. Сол үшін де Менен қорықпайсың ба? Мен Сионды сүйіп, Иерусалимнің құтқарылуын зарыға күткендіктен тынши алмаймын. Оның әділдігі таңғы шұғыладай жарқырап, құтқарылуы алаудай лаулап жанбайынша, Құдайға жалбарынудан бас тартпаймын! Біліп алыңдар, көз алдымда: «Мен үндемей қалмаймын, еселерін толықтай қайтарамын!» деген сөздер жазулы тұр.
Выбор основного перевода