Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Енді жүріңдер, Жаратқан Иенің,Жақыптың халқы сиынған Құдайдың,Сион тауындағы киелі үйінеӨрлеп барайық барлығымыз, кәне!Сол жерде Жасаған Иеміз бізгеАқ жолын нұсқайды, сонымен жүрейік,Оның әділ еркін орындай берейік!»Деп, көп ұлттар жолға шығады бірігіп.Сөзін таратады тәлімін үйретіпЖаратқан Ие Иерусалимнен,Сиондағы өз киелі үйінен. Сен мынаны естіп, білмеуші ме едің:Мәңгілік Құдай — сенің Жаратқан Иең,Шексіз зор даналығы Өзінің,Ол жаратты жердің түкпір-түкпірін!Ешқашан Құдай шаршап-шалдықпайды, Иемізге жаңа әнді шырқаңдар,Жер шетінен Оған мақтау айтыңдар!Теңізде жүзіп жүрген теңізшілер,Жағалауларды мекендеген елдер, Жариялап Жаратқанның ұлылығынБар аралдарда Оны мадақтасын! Теңіз жағалауларындағы шалғай елдер Менен белгі күткен еді. Енді, міне, үлкен сауда кемелері бірінші болып жетіп жатыр. Сион, олар сенің ұлдарыңды алыстан алып келе жатыр! Олар Менің құрметіме алтын-күмістерін бағыштайды. Мен Өзім, сенің Құдайың Жаратқан Ие, Исраилдің Киелі Құдайы, саған салтанат пен сәулет сыйлаймын.
Выбор основного перевода