Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әскердің алдында — бәрін жалмайтын от, артында — лаулаған жалын! Алдындағы жер Едемдегі пейіш бағы сияқты болып тұрады, ал әскер өткеннен кейін қаңыраған қу дала болып шыға келеді. Олардан ештеңе де құтыла алмайды. Бұл жаулардың түрі аттардың түріндей, ал алға ұмтылулары — атты әскердің шабысындай. Олардың даусы тау бастарында гүрілдеген соғыс күймелеріндей, сабанды сатырлатып жалмайтын оттай, әрі шайқасқа дайындалып сап құрған қуатты әскердей естіледі. Бұларды көргенде халықтар қорқып қалтырап, барлық адамның өңдері қуаңқы тартады. Сол әскер батырдай алға басады, жауынгердей қабырғаға өрмелейді! Барлығы бірдей алға басып, алған бағыттарынан таймайды. Бір-бірімен қақтығыспай, әрқайсысы өз жолымен жүреді. Жау қаруының арасын жарып өткенде де, оларды ештеңе тоқтата алмайды. Олар қалаға бас салып, оның қабырғасының үстінде жүгіреді, үйлеріне өрмелеп, ұры сияқты терезе арқылы кіреді. «Сендердің егістіктеріңе, бау-бақшаларың мен жүзімдіктеріңе шіру және көгеру індеттерін жіберіп, оларды құрттым. Інжір мен зәйтүн ағаштарыңды шегіртке жалмап жойды. Бірақ сендер сонда да Маған қайтып келмедіңдер!» — деп әшкерелейді Жаратқан Ие. Жаратушы Тәңір Ие маған мына көріністі көрсетті: Ол шегіртке үйірлерін жасап шығарды. Бұл патшаның өнімі жиналып болып, одан кейінгі өнім көктеп шыға бастаған кезде болды. Шегірткелер бүкіл елдегі көкті жеп қойғанда мен:— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, бізді кешіре гөр! Жақыптың үрім-бұтағы бұған қалайша шыдасын? Біз сондай кішкентай ғана елміз ғой! — деп жалбарындым.
Выбор основного перевода