Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондай адам мінсіз жүріп әділдік істейді,Шын жүректен ақиқатты ғана сөйлейді, Ешкімді уытты тілмен өсектемейді,Жолдасына ешбір зұлымдық істемейді,Жақынының арына дақ түсірмейді. Арамза адамдарды ол еш жақтырмайды,Ал Иемізді қастерлейтінді ардақтайды,Өзіне қиын болса да, сөзін орындайды, Мұқтажға қарыз бергенде өсімін алмайды,Пара алып жазықсыз жанды қараламайды.Мұны істеуші нық тұрып мәңгі шайқалмайды. Олар терең сумен жүзіп, Мысырдағы Шихор алқабынан астық тасып әкелетін. Ніл өзенінің бойында жиналған өнімнен Тир қаласы пайда көріп, халықтардың сауда-саттық орталығына айналған еді. Ал қазір, уа, Сидон қаласы, ұятқа қаласың. Себебі теңіздегі қорған (Тир) былай дейді: «Мен ешқашан да толғатып, бала таппаған, ұл-қыз асырап та алмаған әйел іспетті жападан-жалғызбын!» Ұқтыра гөр бұйрықтарыңның мағынасын,Кереметтерің жайлы терең ойланамын.
Выбор основного перевода