Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан — жартастай берік қорғаным,Мені қауіп-қатерден құтқарушым,Құдайым — сенім артқан шың құзым,Қалқандай қорғаушым, мықты құтқарушым,Әрі биік таудағыдай баспанам! Ал жарлылар Өзіңнен баспана табады,Апатта мұқтаждар қасыңда қорғанады,Оларға қорғаныш боласың дауылданӘрі ыңғайлы көлеңке боп ыстықтан.Жауыздардың кәрлі лебі қабырғаныСоққылаған боран Сол кезде Яһуда еліндегі халық мына жырды әндететін болады:«Біздің қала мықты, Құдайдың ӨзіҚабырғалар мен бекіністер іспеттіОны құтқарып, қауіпсіз етеді! Егістікке тұқым сепкен кездеріңде Иеміз жаңбыр жаудырып, ағыл-тегіл өнім бергізеді. Малдарыңның жайылымы ұлан-ғайыр болады. Жаудың мұнаралы бекіністері қолға түсіп, жасақшылары қырылған кезде әр тау мен төбе басынан су бұлақтары аға жөнеледі. Енді қайтып олар аштық пен шөлді білмейді, күннің аптап ыстығы да күйдірмейді». Себебі халқының жанашыры Жасаған Ие оларды жетелеп, су көздеріне бастап алып жүреді. Жаратушы Тәңір, күш-қуатым болады,Ием мені бұғыдай жүйрік қылады,Қырат жолмен жүруіме күш дарытады.(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.)
Выбор основного перевода