Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Бабыл қаласы, ойран салғышсың,Саған бізге істеген қастығыңныңЕсесін қайтарған жан бақытты болмақ, Маған кәрлі көрініс көрсетілді: сатқын сатқындығын, құртушы құртуын жалғастыра береді. «Ей, Елам жасағы, шабуылға шық! Ей, Мидия әскері, қамап ал! Мен Бабылдың халықтарды езіп-жаншып зарлатуын түгелдей тоқтатамын!» (— дейді Жаратқан Ие.) Әлемнің түкпір-түкпірлерінен біз: «Хақ Тағала даңқталсын!» деген әндерді естиміз.Алайда мен былай деймін: «Әттеген-ай, сорлы басым, мен қасіретке қаламын! Сатқын сатқындығын, опасыз опасыздығын қаталдықпен жалғастыра береді». Бірақ жетпіс жыл өткен соң, Мен Бабыл патшасын да, оның халқын да ауыр кінәлары үшін жазалап, халдейлердің елін мәңгілікке қаңыраған қу далаға айналдырамын. Мен сол жерге қарсы айтқанымның барлығын: Еремия пайғамбардың басқа ұлттарға қарсы жариялап, осы шиыршық кітапта жазылған жазаларымның бәрін де жүзеге асырамын. Бабылдықтар көп халықтар мен ұлы патшалардың құлдығына түседі. Мен бабылдықтарға жасаған іс-әрекеттеріне сай тиісті жазаларын тартқызамын!» Бірақ сені жалмағандардың бәрі өздері жалманады, дұшпандарың біреуі қалмай тұтқынға түседі. Сені тонағандардың өздері тоналып, талан-таражға салғандар соны өз бастарынан өткізеді. Өзіңнің бауырлас елің Жақыпқа жасаған зорлығың үшін сен масқара болып, біржола құрисың. Сен көп халықты тонағандықтан, қалған халықтар енді сенің өзіңді тонайды. Себебі сен адам қанын төгіп, елдер мен қалаларды тұрғындарымен бірге қираттың. Себебі басқаларға қандай үкім айтсаңдар, өздеріңе де сондай үкім шығарылады. Сендер өзгелерге қолданған өлшем өздерің үшін де қолданылмақ.
Выбор основного перевода